Бүгiн 2026, 11:17 Фото: Ақорда

Тоқаев Қытайдағы зауытта болған жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр, ал жарақат алған адамдардың сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
 
Еске салайық, бұған дейін Қытайдағы зауытта жойқын жарылыс болды. Сол кезде 20-дан астам адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланған хабарланды.