Тоқаев: Қазақстан - Орталық Азиядағы экономикалық ілгерілетуші

Қазақстан - Орталық Азиядағы экономикалық ілгерілетуші. Бұл туралы Астана халықаралық форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан бұрыннан бері Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы алтын көпір саналады. Шын мәнінде бұл форум ұлы Еуразия даласының мәдениетіне, тарихын паш етуде. Біз осы мұраны мақтан тұтамыз, - деп айтты Мемлекет басшысы.

Тоқаев атап өткендей, мәдени, сауда қарым-қатынастары мен идеялар алмасу арқылы Қазақстанның бірегейлігі және оның ерекше көпжақты ынтымақтастыққа негізделген бренді қалыптасты.

Геосаяси жағдайларға қарамастан Қазақстан Орталық Азияда экономикалық ілгерілетуші болып отыр. Біз шетелден инвестицияларды тартып, Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін жағдайды барынша жасап жатырмыз, - деп толықтырды сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев форумда.

Еске салсақ, Тоқаев Астана халықаралық форумының миссиясын атаған болатын. Сондай-ақ, ол қауіпсіздік кеңесін реформаламай, сын-қатерлерге төтеп бере алмайтынымызды айтып, қандай қауіпке назар аудару керек екенін айтқан болатын.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы