Тоқаев Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды

Мәжілістің жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.    

Президент Премьер-министрдің лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қарауды ұсынды.  

Мен сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына Премьер-министрдің кандидатурасын ұсына алатынын атап өттім. Бүгін мен Мәжіліс төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановты қабылдадым. Жаңа ғана фракция жетекшілерімен арнайы кездестім. Үкімет басшысы лауазымына Amanat партиясы ұсынған кандидатты талқыладық. Ортақ мәмілеге келдік. Ата заңымыздың 44-бабына сәйкес, Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын, - деді Тоқаев.

Тоқаев Смайыловтың білікті әрі тәжірибелі маман екенін атап өтті. 

Жұмысқа адал, еңбекқор адам. Ол Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді жақсы біледі. Оған жаңа Үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын. Конституцияның 56-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындау үшін Мәжілістің келісім беруін сұраймын, - деп айтты Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. 

Мемлекет басшысына AMANAT партиясының атынан жаңа Премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылғанын еске сала кетейік.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен талқылайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы