12 Қараша 2025 2025, 01:05 Фото: akorda.kz

Тоқаев пен Путиннің бейресми кездесуі 2,5 сағатқа созылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Мәскеудегі Кремльде өткен бейресми кездесу барысында 2,5 сағаттан астам әңгімелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Кремльде 2,5 сағаттан аса уақыт бейресми жағдайда емен-жарқын әңгімелесті, – делінген Ақорда хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қараша күні Ресей астанасына мемлекеттік сапармен барды.

Бұған дейін ол бейресми жағдайда Владимир Путинмен ой-пікір алмасты және Мәскеудегі жылы қабылдау үшін алғысын білдірді. 

Мемлекеттік сапар бағдарламасының негізгі бөлігі 12 қарашаға жоспарланған.