7 Қазан 2026, 15:47 Фото: Ақорда

Тоқаев Нигерия президентіне ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Нигерия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ондо штатында Нигерия Әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуына байланысты Президент Бола Ахмед Тинубуға көңіл айтты. Мемлекет басшысы жеделхатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақ екенін жеткізді, – делінген Ақорда ақпаратында.

Еске салайық, бұған дейін хабарлағанымыздай, Нигерияның оңтүстік-батысындағы Ондо штатында әскери ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 32 адамның барлығы қаза тапты. Қайғылы оқиға 5 қазанда болған.