Тоқаев неміс компанияларын инвестиция салуға шақырды

Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Президент қазақ-неміс ынтымақтастығының негізгі секторы - мұнай мен машина жасау, газ, өндіріс және ауыл шаруашылығы екенін атап өтті.

Біз Германияның жаңа компанияларын Қазақстандағы жасыл өсімге, инновацияға, сутегіне, жасыл энергетика өндірісіне инвестиция салуға шақырамыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгін түстен кейін өтетін Қазақстан-герман инвестициялық форумынан зор үміт күтенін айтады.

Менің ойымша, бұл форум мен оның аясында үкіметтік әрі бизнес деңгейінде қол жеткізілетін келісімдер сауда және инвестициялық ынтымақтастығымызды нығайтуға тың серпін береді, - деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада қарсы алды. Кейіннен Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Германия президенті еліміздегі заңнамалық өзгерістерге қатысты пікір білдірді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы