Тоқаев мемлекеттік сапары аяқталған Корея Президентін шығарып салды
Корея басшысы Юн Сок Ёль елорда әуежайынан ұшып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды.
Айта кетейік, кеше Оңтүстік Корея президенті елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келді. Президент Юн Сок Ёльді Ақордада қарсы алды.
Тоқаев бұл кездесуді "Тарихи оқиға" деп бағалайтынын айтты.
Кездесу барысында еліміздегі корейлік Bank Finance Kazakhstan екінші деңгейлі банкке айналатыны белгілі болды.
Сонымен қатар Қазақстанда толық циклді Kia зауыты іске қосылатыны анықталды.
Бұдан бөлек екі ел басшылары Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысының тұрғындары ерекше құбылыстың куәгері болды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы