28 Тамыз 2026, 10:32 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев бүгін Құрылтайда маңызды сөз сөйлейді: Эфирді қайдан көруге болады?

Президент бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясына қатысады. Мемлекет басшысының сөзі сағат 11.00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Бүгін Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайы бірінші сессиясының ашылуына қатысады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай отырысындағы сөзі сағат 11.00-де республикалық телеарналар мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетіледі, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымдағы алғашқы сессиясы бүгін, яғни 28 тамызда өтетіні хабарланды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында айтылған.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымдағы бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылды.

Аталған сессияда Мемлекет басшысы елдің Вице-президентін жариялауы мүмкін деген болжам бар.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді?