Бүгiн 2026, 16:08 Фото: ©BAQ.KZ коллажы/Арайлым Алтайқызы

Тоқаев Азия чемпионы болған боксшы қыздарды құттықтады

Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.

Еске салсақ, Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды. Ол финалда ирандық Мұхаммад Джавад Резаимен белдесіп, қарсыласын мерзімінен бұрын (туше) жеңді.

Тағы оқи отырыңыздар:

Қазақстан құрамасы І тоқсанда 200 медаль жеңіп алды

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Әйгерім Сәттібаева бокстан Азия чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды