8 Қазан 2026, 11:48 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев «Авазаға» барды: Түрікменстан Президенті күтіп алды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Аваза» кешеніне келді. Оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды. Кездесуде Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның маңызды мәселелері талқыланады.

Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін «Аваза» кешеніне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов күтіп алды.

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшылары бірге суретке түсті.

Еске салсақ, кеше кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды. Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.