27 Қыркүйек 2026, 13:00
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Тоқаев әскери борышын өтеу кезінде ерлік көрсеткен сарбаздарды марапаттады
Үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медаліне ие болды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
- Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
- Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
- Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы)
Еске салайық, бұған дейін Каспийдегі оқу-жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар берілген болатын.