Тоқаев Албания Президенті Байрам Бегайды әуежайдан шығарып салды
Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ресми сапары аяқталған Албания Президенті Байрам Бегайды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Албания Президенті Байрам Бегай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келген еді.
Кездесу барысында Тоқаев Қазақстан мен Албания арасында тікелей әуе қатынасын ашу туралы ұсыныс айтты.
Сондай-ақ Байрам Бегай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Албанияға ресми іссапармен келуге шақырған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы