Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады: Еліміз өзіңмен мақтанады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.
Геннадий Головкинді сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады, - деп жазды Президент Тwitter-дегі парақшасында.Естеріңізге сала кетейік, IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы