Тоқаев электр энергиясын дамытуға байланысты Үкіметке тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергия жүйесіндегі мәселелерге тоқталды.

Елдің бұдан әрі даму тетіктерінің бірі – үзіліссіз электр энергиясымен қамту. Соңғы уақытта көршілес елдерге деген энерготәуелділікке байланысты электрмен қамту жүйесінде ақау жиі болып отыр. Биылғы 10 қаңтарда Батыс Қазақстанда болған энергия жүйесіндегі апат жүйенің жетілмегенін көрсетті. Болашақта батыс өңірлерді Қазақстанның бірыңғай электр жүйелерімен біріктіру қажет, - деді ол.

Тоқаев Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, қысқамерзімде оңтүстік аймақтың электрэнергиясы жүйесін орнатуды және батыс өңірлерді Қазақстанның бірыңғай электр жүйелерімен біріктіруді тапсырды.

Үкіметке 2035 жылға дейін республиканың энергетикалық балансын құруды тапсырамын. Ол тек ішкі аспектілер, қолдану, генерация, экологиялық таза энергия өсімін қамтып қана қоймай, көршілес елдердің энергожүйесі жоспарымен сәйкес келуі керек, - деді Президент.
 Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы