Тоқаев Корея президентіне кітап сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея президенті Мун Чжэ Ин бірлескен мəлімдеме жасады.


Мəлімдеме барысында Қазақстан басшысы Корея президентіне кітап сыйлады. 

"Бұл бірегей кітап. Ол сізге 1937 жылы Қиыр шығыстағы корейлерді Қазақстанға күштеп департациялау жайлы көбірек білуге көмектеседі деп ойлаймын. Аталған кітапта сирек кездесетін архив құжаттары мен фотосуреттер жинақталған", - деді Тоқаев.



Атап өтсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Корея президенті Мун Чжэ Ин мен оның жұбайы Ким Чжон Сукті қарсы алған болатын. Тоқаев ресми кездесуден кейін Қазақстан-Корея тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жеткенін айтты.



Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының президенті кеше Алматыда корей диаспорасымен кездесіп, театр қойылымын тамашалады. Нұр-Сұлтан қаласына кеше келді. 



Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Корея президенті сапар аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесулер өткізетінін хабарлаған болатын. 

Сондай-ақ, бүгін Мун Чжэ Ин Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін, Корея президенті Мун Чжэ Ин Орта Азия елдеріне сапары аясында Қазақстанға келетінін жария еткен еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Келесі жаңалық
Астанада кафе өртенді
Өзгелердің жаңалығы