Қайырбек Өскенбаев: Тұрғын үйге тіркеуді барынша жеңілдеттік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев мүліктің меншік иелері бірлестігін тіркеу мәселелеріне тоқталды. 

Өйткені, бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтары тарапынан тіркеу кезінде "мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысы жоқ" деген себеппен қайтарып жіберген жағдайлар жиі кездескен. 

Үлгілік жарғыны премьер-министрдің өкіміне сәйкес министрлік биыл наурызда бекітеді. Ал әзірге пәтер иелері өздері жарғы әзірлеп, жиналыста бекітіп, халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырса да болады. Аталған мәселе ҚР Әділет министрлігімен келісілген. Заңмен кондоминиум объектісін тіркеу шарасы жеңілдетілген. Өтініш кемінде екі меншік иесінің атынан берілуі тиіс. Объектілерді тіркеу процесін автоматтандырып, мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқару көзделген, - деп мәлімдеді вице-минситр. 
Жаңадан қабылданған заңда кондоминиум объектісін тіркеу шарасы барынша оңтайландырылған. Бұрынғы заңда кондоминиум объектісін тіркеуке қатысты даулы сұрақтар жиі туындайтын еді. Енді, бұл мәселе өз шешімін тапты. 
Мәселен, көпқабатты үйлердің 23%-ы ғана кондоминиум объектісі ретінде тіркелгені. Тиісті өзгерістерді енгіздік. Тіркеу процедурасын максималды жеңілдеттік. Өтініш екі меншік иесінен ғана беріледі. Мерзімі 1 жұмыс күніне дейін ғана қысқартылды. Қаржы ең көп жұмсайтын жұмыстар мемлекеттік-техникалық бақылауды қамтамасыз ету, қазір тұрғындар тұрып жатқан үйлердің құжаттарын дайындау жергілікті атқарушы органдарға жүктелді. Сондықтан қаржысын да, тиісті құжаттарын да әкімдіктер әзірлейді, - деп айтты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев. 

Айта кетейік, жаңадан іске қосылып жатқан үйлер бойынша міндет сол құрылысты жүргізіп жатқан компанияларға бекітілген.

Бұдан басқа, азаматтардың қауіпсіз тұрмыс-тіршілігі үшін заңда "хостел" ұғымы берілген. 

Хостел - жеке тұлғалардың уақытша тұруына арналған және пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін, көппәтерлі тұрғын үйдегі жеке кірер тобы бар тұрғын емес үй-жай не жеке тұрған ғимарат,- деп түсіндірді спикер. 

Сондай-ақ, заңмен жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекцияларының құзыреті кеңейтілген. Енді олар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды, газ және газбен жабдықтау объектілерін қауіпсіз пайдалануды бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.

Естеріңізге сала кетейік, ПИК-тер, яғни пәтер иелері кооперативі 2022 жылдың 1 шілдесінде жұмысын тоқтататыны туралы жазған едік. Сондай-ақ, көпқабатты үйлерге күрделі жөндеу жүргізу үшін республикалық бюджеттен әкімдіктерге 30 миллиард теңге бөлінетіні туралы да сөз болды. Сонымен бірге төменгі қабат тұрғындары неге лифт үшін ақы төлейтіні туралы да айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы