Тиісті жазасын алды. СҚО әкімі мемлекеттен бөлінуді қалайтындар туралы айтты

Адамдар сотталып, тиісті жазасын алды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі сепаратизмге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде мұндай оқиға бірең-сараң болған.

Облысымызда да осындай жағдай тіркелді. Бүгінде бұл (ред.- сот) процесс ашық өтті. Өткен аптада бұл қозғалысты ұйымдастырып, заңды бұзғандар жауапқа тартылды. Мен бір ғана фамилияны айтамын. Ол – Вячеслав Зудерман. Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, - деді спикер ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ғауез Нұрмұхамбетов облыста сепаратизм болмас үшін не істеу керек деген сұраққа жауап берді.

Қазіргі таңда облыста сепаратизм сияқты мәселемен Қазақстан Халқы Ассамблеясы, этно-мәдени орталықтар айналысады. Мен этно-мәдени орталықтарға барып, олардың басшыларымен кездестім. Олар – өте тәжірибелі. Бүгінде басшылар қоғамда сепаратизм болмауы үшін адамдармен кездесіп, жұмысты істейді, - деді Нұрмұхамбетов.

Бұған дейін өңір әкімі "биыл қыста петропавлдықтар тағы да жылусыз қалмай ма" деген сұраққа жауап берген болатын. Сондай-ақ ол СҚО-ны қазақыландыру жұмысы қалай жүріп жатқанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы