Теңгеміз 100 есе құнсызданды. Неге?

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов теңгенің құнсызданып бара жатқанын мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Базалық мөлшерлеме жөнінде өткен жиында журналист Ұлттық банк басшысына "Мен 30-ға келдім. Қазақ валютасы 1993 жылы шығарылды. Содан бері теңгеміз құлдырап келеді. Енді неге Қазақстан экономикасы неге өспейді? Әлде біз білмейтін дертке шалдыққан ба? Бұлай айтқаным, елімізде жекелей ұлттық жобалар көп, бірақ тек құнсызданғанын көріп келе жатырмыз..." деп сұрады.

Мойындауымыз керек теңгеміз 100 есе құнсызданды. Бірақ ең көп құнсызданған кезі 90-шы жылдарға тиесілі. Мәселен, соңғы 10 жылды алсақ, 3,5 есе құнсызданған. Ал, оған әсер ететін көптеген фактор бар. Бірақ бұл тек Ұлттық банкке қойылатын сұрақ емес, бүкіл Үкімет көлемді ақпарат беруге тиіс деп есептеймін. Меніңше, сіздерге (журналистерге) үшін мұндай көлемді сұхбат қажет сияқты, - дейді Тимур Сүлейменов.

Еске салсақ, Ұлттық банк Президенттің тапсырмасын орындай алмайтынын айтқан еді. Сонымен қатар валюта бағамының өзгеруіне байланысты бюджет қайта қаралуы мүмкін екендігі де сөз болған еді. 

Сондай-ақ "Желмая" жобасында доллардың бағасы өсіп, теңге құнсызданса не болатыны, теңгенің құнсыздануы сыртқы экономикалық факторларға қаншалықты тәуелді деген сауалдарға "AnalystGeneration" ғылыми-аналитикалық орталығының басшысы Қажыкелді Шамбыл жауап берген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - Архив
Өзгелердің жаңалығы