Бүгiн 2026, 15:47 Фото: pixabay.com

Теміртауда төтенше жағдай: Құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты

Тоққа түскен үш бала аураханаға жеткізілді.

Теміртаудағы құрылыс алаңында үш кәмелетке толмаған баланы тоқ соқты. 

Коммуналдық желілерге қызмет көрсететін «РЭС» ЖШС мамандары оқиға орнында жедел әрекет етіп, қосалқы станциядан берілетін электр қуатын толықтай өшірді. Қазіргі уақытта қауіпті аумақ электр қуатынан толығымен ажыратылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кабель желісін демонтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Теміртау қаласының әкімдігі оқиғаны бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, оқиға болған аумақ құрылыс нысаны болған. Ол жер белгіленген талаптарға сай қоршалған. Оқиғаға байланысты барлық қажетті шара қабылданған. 

Қауіпсіздік талаптарының сақталуына қосымша тексеріс жүргізілуде. 

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен балалардың барлығы медициналық мекемеге жедел жеткізілгенін хабарлады.

Облыстық полиция департаменті оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

Теміртау қаласында үш кәмелетке толмаған баланы тоқ соғуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Салғырттық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды және дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі уақытты полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешенін жүргізіп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда пойыз төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты.

Тағы оқи отырыңыздар:

Петропавлда қосалқы станцияда жас жұмысшы тоқ соғып, қаза тапты  

Оралда тоқ соққан 9 жасар бала қаза тапты

Павлодарда ағаш кесумен айналысқан жұмысшыларды тоқ соқты