9 Қазан 2026, 14:25 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт қамауға алынды

Ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы ұлы ұсталды.

Теміртау қаласында ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полици дерегінше, 7 қазанда Теміртау қаласындағы Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылды.

Аталған факті бойынша «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен қаза тапқандардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына жолдаған жауабында. 

Айта кетейік, бұған дейін Таразда 24 жастағы жігітті пышақтап кетті. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Кездесуге шақырып, ұрлап әкеткен: Астанада жәбірленушілерді кредит алуға мәжбүрлегендер ұсталды

«Соңғы бірнеше айда қиын кезеңді бастан өткерген»: Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды

Семейде 19 жастағы студент қызды өлтіріп кетті: Күдікті ұсталды