Telegram-да пікір қалдырған қазақстандық қамауға алынды
Сотта ер адам өз кінәсін мойындады.
Теміртау соты Бас прокуратураның жарияланымының астына балағат сөздер жазған ер адамды 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Қарағанды облысының тұрғыны Бас прокуратураның ресми Telegram-арнасындағы жарияланымның астына балағат сөздер қолдана отырып пікір қалдырған.
Бұл пікірді полиция әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында анықтаған. Осыдан кейін пікір авторына қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сотта ер адам өз кінәсін мойындады. Іс материалдарын зерттей келе, сот оған 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындау туралы шешім қабылдады, - делінген Қарағанды облыстық соттарының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Заңға сәйкес, ұсақ бұзақылық үшін жазаның бірнеше нұсқасы қарастырылған: 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу. Бұл жағдайда сот істің мән-жайы мен құқық бұзушының тұлғасын ескере отырып, қамауға алу жазасын таңдаған.
Еске салайық, бұған дейін Астанада автобустың әйнегін сындырған жолаушы қамауға алынды.