Бүгiн 2026, 16:26
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
«Қағаз жүзіндегі» үйірме: Жамбыл облысында бюджеттен ақша жымқырылған
Сот балаларға арналған спорттық тапсырыс аясында бюджет қаражатын қайтаруды міндеттеді
Жамбыл облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығының «Т.» ЖШС-не және «А.» ЖК-не қатысты негізсіз аударылған бюджет қаражатын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.
Тараптар арасында балаларға арналған тегін спорт секцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасалды. Прокурорлық тексеру және мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жауапкерлердің балаларға нақты көрсетілмеген қызметтер үшін бюджет қаражатын негізсіз алу фактілері анықталды. Бұзушылықтар спорт секцияларына барудың жалған көрінісінде, оның ішінде электрондық табельдерге дұрыс емес мәліметтер енгізу арқылы көрініс тапты, - деп хабарлады Жамбыл облысының МАЭС баспасөз қыметі.
Сотта келушілер туралы мәліметтердің бір бөлігі қызмет көрсетушілер тарапынан жойылғаны расталды. Бұл жағдайда қызмет көрсетушілердің тек өздерінде ғана деректерді жоюға мүмкіндік болған, бұл үшінші тараптардың араласуын немесе жүйенің техникалық бұзылуын жоққа шығарады. Қалпына келтірілген мәліметтер мен куәлердің айғақтары бірқатар балалардың бюджеттен төленген төлемге қарамастан сабаққа (каратэ, бокс, таэквондо және күрес) қатыспағанын растады.
Сот жауапкерлердің ақшалай қаражатты негізсіз алу фактісін дәлелденген деп таныды, ал олардың бұзушылықтардың дәлелденбегені және деректерді жоюға қатысы жоқ екендігі туралы дәлелдері расталмады. Сот шешімімен мемлекет кірісіне «Т.» ЖШС-нен 1 млн теңгеден астам, ал «А.» ЖК-нен 205 мың теңге, сондай-ақ мемлекеттік баж өндірілді, - делінген хабарламада.
Шешім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін Таразда қайыр сұраған баланың анасына айыппұл салынды.
Тағы оқи отырыңыздар: