8 Наурыз 2026, 17:11
Фото: Anadolu Agency
Тегеранда тағы да жарылыстар болды
Жарылыстар АҚШ пен Израиль жаңа шабуыл басталғанын жариялағаннан кейін орын алды.
Иран астанасы Тегеранда АҚШ пен Израильдің жалғасып жатқан шабуылдары аясында жаңа жарылыстар болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu-ға сілтеме жасап.
Ирандық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыстар америкалық-израильдік күштер жаңа шабуыл басталғанын мәлімдегеннен кейін орын алған.
Израиль мен АҚШ 28 ақпанда ядролық келіссөздер жалғасып жатқан тұста Иранға шабуыл бастады.
Иран жауап ретінде Израильге, сондай-ақ аймақта АҚШ әскери базалары орналасқан бірқатар елдерге соққы жасады. Әсіресе Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейн аумағындағы нысандар аталды.
АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан Иранның көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи және жоғары лауазымды бірқатар шенеунік қаза тапты.