23 Қыркүйек 2026, 15:20 Фото: istockphoto.com

Тәжікстанда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің ошағы 190 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бүгін, 23 қыркүйекте Тәжікстан аумағында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметінше, Астана уақытымен сағат 10:46-да (Гринвич бойынша 05:46) Тәжікстан аумағында жер сілкінісі болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі 37,90 градус солтүстік ендік, 71,93 градус шығыс бойлық координаттарында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,7. Энергетикалық класы – K=11,35. Ошақтың тереңдігі – 190 шақырым.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі болды.