Алматы әкімі тұрғындарға тауға шығуға неліктен тыйым салынғанын айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде тұрғындардың Ұлттық саябақтарға баруына неліктен тыйым салынғанын түсіндірді.

Бастапқыда қаладағы скверлер мен ұлттық саябақтар ашық болды. Кейін қала билігінің шешімі өзгерген еді.

Адамдар демалыс күндері тауға шыққан кезде пикник ұйымдастырып, от жағып, кәуап пісіре бастады. Бұл таза ауамен тыныстау емес. Ұлттық саябақта от жағуға тыйым салынған, сондықтан кейбір азаматқа айыппұл салынды. Сондықтан тауға шыққанды жақсы көретіндер үшін жұмыс күндері велосипедпен немесе жаяу шығуға рұқсат берілді. Ал демалыс күндері көлік толы адамдардың баруына тыйым салынды. Бұл қажеттіліктен туындаған уақытша шаралар, - дейді қала әкімі.

Сонымен қатар, ол қала ішіндегі саябақтарда адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты қадағалау жеңілірек екенін айтты.

Біз қаладағы саябақтарға әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін шеңберлер сызып қойдық. Адамдар оны қатаң ұстануда, - дейді Сағынтаев.
Бұған дейін Сағынтаев Алматыдағы коронавирусқа қатысты жағдайдың қандай екенін айтып, қалада тағы бір инфекциялық клиника салынатынын мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы