Тәтті сусындардың бағасы қымбаттай ма? – Вице-премьер жауап берді
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров тәтті сусындарға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа салық кодексін әзірлеу аясында денсаулық сақтау министрлігімен жеке талдадық. Шын мәнінде, мәселе біздің қоғамда өсіп барады. Құрамында қанттың көп мөлшері бар газдалған сусындар мен энергетиктерді көп тұтынатын адамдар бар. Біз жасөспірімдердің бұл сусындарды көп мөлшерде тұтынатынын түсінеміз. Сұрақ өзекті болып отыр. Бірақ кез келген фискалдық инновация егжей-тегжейлі қарастыруды қажет етеді. Біз әлі де қарап, есептейтін боламыз, жалпы экономикаға әсер етпекпіз, - дейді Нұрлан Байбазаров
Еске сала кетсек, бұған дейін үкімет басшысының орынбасары неге елімізде азық-түлік бағасы өсіп бара жатқанын түсіндірген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
Өзгелердің жаңалығы