Тәркіленген сән-салтанат бұйымдары мемлекеттік органдарға берілмеуі мүмкін
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, мемлекеттік органдар тәркіленген сән-салтанат бұйымдарын пайдалануға беру мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.
«Жақында Бас прокуратура құны 50 млн теңгеден асатын «Лексус» автокөлігіне люкстік конфискат алды. Қаржы министрі қазақстандық салық төлеушілердің пайдасына қатысты ережелерін өзгерте ме?» деп сұрады журналистер министрден.
Иә, бұл дерек туралы білемін. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне аталған ережені қайта қарау туралы тапсырма бердім, - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев Сенат отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Бас прокуратура медициналық жабдықтарды сатып алудан ұрланған 50,5 млн теңгеге сатып алған автокөлікті өздеріне алып алғандығы туралы ақпарат тараған болатын.
Айта кетерлігі, сенаторлар салықты 4 пайызға дейін төмендетуі мүмкін заңды мақұлдады. Заң жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» де аталады.