Бүгiн 2026, 14:06 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тарихи шешім – Президент Құрылтайдың алғашқы сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауын тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленді.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сайлауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және оны өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар Үкіметке, Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды кідіріссіз қабылдау міндеті жүктелді.

Жарлықта оның жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде, Ақордада қол қойылды. 

Айта кетейік, бүгін, яғни 1 шілдеден бастап Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді. Жаңа Конституцияның күшіне енуімен 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясының күші жойылды.

Тағы оқи отырыңыз: Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды – Президент қазақстандықтарға үндеу жасады