Тарихи рекорд: 11 жастағы британиялық қыз ең жас гроссмейстер болды
11 жасар британиялық қыз тарихтағы ең жас гроссмейстер атанды.
11 жасар британиялық шахматшы Бодхана Сиванандан әйелдер арасында тарихтағы ең жас гроссмейстер атанды.
Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) Сивананданның атақ алу үшін қажетті үш норманың соңғысын орындағанын растады.
Самарқандта өткен 46-шы Шахмат олимпиадасында ол Англия құрамасының бірінші тақтасында барлық 11 партияны өткізіп, сегіз ұпай жинады: алты жеңіс, төрт тең ойын және бір жеңіліс.
Бұған дейін шахматшы 2300 ұпайдан тұратын қажетті рейтингке қол жеткізген болатын. Бұған дейінгі рекорд әйелдер гроссмейстері атағын 12 жасында алған Екатерина Лагноға тиесілі еді.
Сондай-ақ Сиванандан – шахматтан Британияның ең жас чемпионы.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады.