Бүгiн 2026, 12:02
Фото: gov.kz
Таразда ер адам 5-ші қабаттағы балконнан құлап, қаза тапты
Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған.
Тараздың мөлтек аудандарының бірінде 51 жастағы ер адам тұрғын үйдің балконынан секіріп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция оқиғаны растады.
Тараз қаласында мөлтек ауданның біріндегі тұрғын үйдің 5-ші қабатынан ер адамның құлап, қайтыс болуы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерделеуге бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Тараз қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Тараз көшесінде атпен шапқан бала көлікке соғылғаны хабарланды.
Сондай-ақ, мысықты құтқармақ болған павлодарлық ағаштан құлап, қаза тапты.