Тамызда АИ-95 бензинінің 369,7 мың тоннасы жеткізіледі

Тамызда Қазақстан бойынша 369 тоннадан астам АИ-95 бензинін тасымалдау жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді жеткізуге байланысты барлық өтініш 100% қамтамасыз етіліп келеді.

Қазір Қазақстандағы магистральді автожолдар арқылы бензин тиелген 1 047 цистерна өңірлерге жеткізіліп жатыр. Олардың ішінде АИ-95 маркалы жағармайы бар цистернаның саны - 341. Барлық мұнай өнімі диспетчерлік бақылаумен белгіленген жылдамдықпен жеткізілмек. Айта кету керек, бензинді жеткізу жүк тасымалдаушы ұйым мәлімдеген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Демек тасымалдаушы отынның қандай да бір түрін жөнелтуге әсер ете алмайды. Қазір мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді тасымалдауға қатысты барлық өтініш 100%-ға қамтамасыз етілді, - делінген хабарламада.

Мәселен, жоспар бойынша тамызда ішкі нарыққа АИ-95 маркілі бензиннің 369,7 мың тоннасы жеткізіледі. Тамыз айының алғашқы 7 күнінде оның 102,6 мың тоннасы немесе айлық жоспардың 27% тасымалданды.

Бұл ретте биылғы тамыздың басында бензин құю жоспары келесідей болғанын айта кеткен орынды:

- Атырау МӨЗ бойынша - 125 цистерна, оның ішінде 21 цистерна АИ-95 бензині;

- Шымкент МӨЗ бойынша - 102 цистерна, оның ішінде бірде-бір АИ-95 вагоны қарастырылмаған;

- Павлодар МӨЗ бойынша - 80 цистерна, оның ішінде барлығы 20 цистернада АИ-95 бензині бар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыдағы жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-95 жанармайының болмай қалуына байланысты әкімдік түсінік берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы