Талғардағы оқиға: Ұрланған бүлдіршінге ота жасалды
Адвокат Гаухар Сариева Талғарда ұрланған қыздың қазіргі жағдайы туралы айтып, істің кейбір деректерімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өзінің Instagram парақшасында заңгердің жазуынша, балаға ота жасалып, дәрігерлер оның тіліне сегіз тігіс салған.
Қылмыскер бала мінген көлікті әдейі аударған. Сол сәтте қыз жарақаттар мен жарықшалар алған, бірақ ол оған қол тигізбеген. Шын мәнінде, ол аман қалғаны — үлкен ғажайып, — деді Сариева.
Адвокаттың айтуынша, қыздың анасы — медбике. Қайғылы оқиға кезінде – оның ағасын атып өлтірген сәтте әйел көрші үйде онкологиялық науқасқа система қойып жатқан.
Егер ол үйде болғанда не боларын елестету де қорқынышты, — деп қосты адвокат.
Еске салайық, Талғарда қайғылы жағдай орын алғаны туралы жаздық. Күдікті ер адамды тапаншамен атып өлтіріп, екі жастағы қыз баланы ұрлап кеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы тауларында зардап шеккен әйел эвакуацияланды
Өзгелердің жаңалығы