Талғардағы изолятордан қашып кеткен күдікті туралы жаңа деректер шықты
Бүгін әлеуметтік желілерде Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан зорлау бойынша күдікті қашып кеткені туралы ақпарат жарияланған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысы Полиция департаменті күдіктінің фотосын жариялап, іздеу салатынын хабарлады.
Алматы облысы Полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз. Егер сіз іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Алматы облысында адам зорлады деген күдік бойынша уақытша ұстау изоляторынан күдікті қашып кеткені туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы