Талғарда тағы трагедия: 20 жастағы жігітті бір топ адам соққыға жығып өлтірген
Марқұмның туыстарына қысым жасалып жатыр
Алматы облысына қарасты Талғар қаласында тағы бір трагедия болды. 20 жастағы Анвар Мусаевтың жақындарының айтуынша, оны бір топ жігіт соққыға жығып, өлтіріп кеткен. Қайғылы оқиға туралы марқұм жігіттің қарындасы Тахмина Османжанова хабарлады.
Оқиға 12 сәуірде Талғарда болған. Қарындасының айтуынша, жігітке 10-нан аса адам шабуыл жасаған.
Бұл кездейсоқ аяқ асты болған емес, бұл салқынқанды топтық шабуыл болды. Оны қоршап, қорғануға мүмкіндік бермеді. Алған пышақ жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Бізде бұл оқиғаның видеосы дәлел ретінде қолымызда тұр. 30-дан астам куәгер бар. Бірақ соған қарамастан, қамауда тек бір ғана адам отыр, - дейді Тахмина.
Марқұмның қарындасының сөзінше, қылмысқа қатысы болуы мүмкін қалған адамдар бостандықта жүр.
Тіпті отбасымызға қысым жасалып жатыр. Бізді «татуласу» туралы құжатқа қол қоюға және талап-шағымдардан бас тартуға мәжбүрлеп жатыр. Бұл – жауапкершіліктен жалтару әрекеті. Біз үнсіз қалмаймыз, - дейді ол.
Марқұм жігіттің қарындасы қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамның бірі бұған дейін де осындай жайттарға қатысы болыпты. Сонымен қатар, марқұм жігіттің қарындасы Тахминаның айтуынша, күдікті бала кезінен-ақ аңшылық пышақпен жүретін көрінеді.
Отбасының талабы
20 жастағы Анвар Мусаевтың отбасы құзырлы органдарға үндеу жасады. Олар қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауды, әрбір қатысушыны ұстауды, әділ әрі объективті тергеу жүргізуді, отбасын қысымнан қорғауды қамтамасыз етуді талап етті.
Полиция пікірі