Бүгiн 2026, 16:20 Фото: thephuketnews.com

Таиландта жол апатына себеп болған қазақстандық кепілдікпен босатылды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифинг барысында мәлімдеді.

Таиландта мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатына себеп болды деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы кепілдікпен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифинг барысында мәлімдеді.

Бұған дейін Таиландтың Пхукет аралында Қазақстанның 30 жастағы азаматының қатысуымен бірнеше жол-көлік оқиғасы болғаны хабарланған еді. Әйел әуелі көлігінің ішінде ұзақ уақыт отырып, сыртқа шығудан бас тартқан. Кейін көлікті ретсіз жүргізіп, полицияның ескертуіне бағынбаған. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.  

Азаматымыз кепілдікке шығарылды. Қазір бостандықта. Тиісті сот өткеннен кейін бұл іс бойынша қосымша ақпарат ұсынамыз, - деді СІМ ресми өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Пхукеттегі қазақстандық әйел бірнеше жол апатына себеп болғанын хабарланды.