Тағы бір алматылықтан коронавирустың үндістандық штамы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда тағы бір адамнан коронавирустың үндістандық мутациясы анықталды.
Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Жақында Алматы қаласының тұрғынынан коронавирустың дельта штамы табылған еді.
Бүгін брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиге науқас әйелдің туысқандары вирус жұқтырмады ма деген сауал қойылды.
Қазір науқастар саны екеу болды. Бұл 1983 жылғы әйел және 2013 жылғы бала. Олар инфекциялық ауруханада жатыр. Басқа отбасы мүшелері ауру жұқтырды деген ақпарат жоқ. Әзірше екеуінің жұқтырғаны анықталды, - деді ол.Еске салсақ, кеше Жандарбек Бекшин Алматыда қаласында коронавирустың мутацияланған дельта штамы анықталғанын мәлімдеді. Қаланың бас санитар дәрігері вирус анықталған пациент жайында ақпарат берді. Коронавирустың үндістандық штамын жұқтырған науқас үй шаруасындағы әйел екені де хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сайлау науқанында еңбек еткендерге жалақы қалай төленеді?
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы