Светлана Жақыпова алдағы мақсатын айтты
Жаңадан тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова алдына қойған мақсатын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске сала кетсек, бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елордада өткен инклюзивті турнирге қатысты. Боччадан алғаш рет ұйымдастырылған бұл сайысқа Сенат өкілдері, Еңбек министрі және БАҚ өкілдері келді.
Жоспар өте көп. Бүгінгі күнде осындай маңызды шарамен бастап отырмыз. Меніңше, адаптивті спорт түрін тек Астанада емес, басқа да өңірлерде дамытуымыз керек. Мұндай шара еліміздің түпкір-түпікірінде өтсе тамаша болады деп ойлаймын, - деді Еңбек министрі.
Жақыпова БАҚ өкілінің «қандай өзгеріс жасағыңыз келеді?» деген сұрағына жауап берді.
Өмір сүру сапасын арттыру ең басты, ең маңызды мақсатым, - деп жауап берді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Бұған дейін Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалғанын жазған едік.