Суармалы судың тапшылығы фермерлерге қиындық тудыруы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов хабарлады. Оның айтуынша, 12,1 текше шақырым жер тұрақты суару аймағына жатады.  

Оның ішінде 11,8 км3 4 оңтүстік облысқа тиесілі: 1,25 млн  га суармалы алаңы бар Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарына қарайды. Бұл суаруға арналған су тартудың 97%-ы және ел бойынша барлық суармалы алаңның 78%-ына, яғни 1,6 млн га жерге тең. Бұл ретте 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика бойынша су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаң 258 мың гектарды құрады. Оның ішінде оңтүстік өңірде 1,25 млн гектардың тек 5,4%-ы немесе 67,7 мың гектары ғана енгізілген, - деп атап өтті ведомство басшысы.  

Сонымен қатар ол былтыр оңтүстік өңірлерде бірқатар қиындықтар орын алғанын алға тартты. 

Су аз болғанда 2021 жылғы вегетациялық кезең оңтүстік өңірлерде өте қиын өтті. Уақытылы қабылданған шаралардың нәтижесінде фермерлерді көп шығынсыз суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Биылғы жылдың вегетациясы да қиын жағдайда өтеді, - деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін былтыр үш қалада сумен жабдықтау жақсартылғаны туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы