8 Сәуір 2024 2024, 15:14 Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Су тасқыны. Ұлытаулық құтқарушылар Солтүстік Қазақстанға көмек көрсетеді

Ұлытау облысынан 33 қызметкер Солтүстікке көмекке аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысынан 33 қызметкер Солтүстікке көмекке аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сәйкес бүгін Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен Солтүстік Қазақстан облысының су басқан бірқатар аймағына көмек беру үшін жеке құрам мен техникалар аттанды.

Республикалық штаб тапсырмасына сәйкес, біздің өңірден 33 адам, 4 арнайы техника, 5 мотопомпа, 3 қайық жіберілді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодар облысының құтқарушылары көрші өңірге көмекке аттанған болатын.