Су тасқынына қарсы күреске қанша қаржы бөлінеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде «Тасқын кезеңіне дайындық» тақырыбы бойынша өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев елімізде су тасқынына қарсы күреске қанша қаржы бөлетінін айтты.
Қаржы жергілікті әкімшіліктердің бюджеттерінен бөлінеді. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың бюджеттерінен де бөлінеді. Бүгінгі күнге айта алатыным, дайындық жұмыстарына жергілікті әкімшіліктердің резервтерінде 36,6 млрд теңге қаражат ұйымдастырылып отыр, - деп жауап берді ТЖМ вице-министрі.
Қызылорда облысындағы Сырдария аумағының жай-күйі, облыстағы су тасқынын алдын алу жұмыстары туралы айтып берді.
Қызылорда облысы министрліктің жеке бақылауында. Сырдария өзенінің бойында Түркістан облысының шекарасында мұз жоқ. Бірақ Қызылорда облысында судың кіреберісінен 18 см-ден бастап Арал теңізінің маңайында 50-60 см-ге дейін мұз қатқан. Бірақ бұл қауіпті емес. Айтып өткенімдей, Шардара су қоймасынан нормативтік су шығаруы жүріп жатыр. Биылғы жылғы «Қазгидрометтің» болжамы бойынша қардың көлемі аз болғандықтан, судың келуі аз деп есептеп отырмыз, - деп сендірді ол брифингте.Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ибрагим Күлшімбаев Қазақстан бойынша су алып кету мүмкін аймақтарды атады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде су алып кету қаупі бар аймақтар аталды
Өзгелердің жаңалығы