Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды
Арсен Жақанбаев ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арсен Арманұлы Жақанбаев ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің ,аспасөз қызметі хабарлады.
1988 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Аймақтық-гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық» мемлекеттік мекемесінің суармалы жерлерді мониторингтеу жөніндегі Алматы бөлімшесінде маман болып бастаған.
2012–2014 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымында инженер-жобалаушы, жетекші маман.
2014–2017 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және инвестициялар басқармасының, Топтық су құбырларын дамыту басқармасының бас сарапшысы.
2017–2018 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту департаменті басқармасының бас сарапшысы.
2018–2019 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Топтық су құбырларын дамыту басқармасының басшысы, Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы.
2020-2021 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а., басшысы.
2021-2023 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су саясаты департаментінің директоры, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.
2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Айта кетейік, сонымен қатар бүгін Энергетика вице-министрі тағайындалды.
Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды.