Бүгiн 2026, 15:55 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Су есептегіш құралдарын цифрландыру: Деректер қашан автоматты түрде қабылдана бастайды?

Барлық су арналары үшін бірыңғай талаптар бекітілді.

ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбірова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қойылған сұраққа жауап бере отырып, Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелері құралдарымен жабдықтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Бүкіл Қазақстан бойынша, барлық су арналары үшін бірыңғай талаптар бекітілді. Қазір жобаға шамамен 40 су арнасы белсенді қатысып, жаңғырту мен жабдықтау бойынша өтінімдерін беруде. 2028 жылдың соңына дейін бұл жұмыстар толық жүзеге асырылады деп отырмыз. Әрине, негізгі назар халық саны көп қамтылатын су арналарына аударылады. Бұл – облыс орталықтары мен қалалар. Дәл осы жерлерде ең алдымен телеметриясы бар есепке алу құралдары енгізіледі, – деп түсіндірді Жәннат Дүбірова.

Вице-министрдің айтуынша, байланыс арналарына қойылатын бірыңғай талаптар барлық ақпаратты орталықтандырылған түрде жинауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс министрліктің бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда су есептегіш ережелері өзгеретіні, оларды ауыстыру қажет пе деген сұрақтар көтерілген болатын