Биыл елордада 100 көше жөнделеді – Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғындармен кездескен елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы елді мекендер туралы айтты. 

Қалада 280 мыңнан астам адам тұратын 16 елді мекен бар. Бұл қала халқының 25%. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың елді мекендерін дамытуды тапсырды. Біз тұрғындармен бірнеше рет кездестік. Оларға бірінші кезекте не қажет екендігін сұрадық. Елді мекендердің мәселелері 3 негізгі блоктарға бөлінген. Олар жол және инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік нысандардың тапшылығы және абаттандыру мәселелері. Елді мекендерді дамыту бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаға сәйкес жұмыс істейміз, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Оның сөзінше, елордалық елді мекендерде 100 көше жөнделіп, жаңасы салынады. 

Осындай елді мекендерде 5 медициналық мекеме, 6 мектеп, 4 спорттық-сауықтыру кешені жөндеуден өтіп, салынады және жылы аялдамалар мен тағы басқалар орнатылады. 2019 жылы 100 шақырымнан астам жол жөнделіп, салынды. Бұдан басқа, Өндіріс, Ильинка және Көктал-2 елді мекендерінде спорттық-ойын алаңдары мен амбулаторлық орталық ашылды, - деді халықпен кездесу өткізіп жатқан қала әкімі.
Бұған дейін, Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуі барысында 2020 жылы елордада 10 мың орындық 12 мектеп пайдалануға берілетінін және жалпы 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланғанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы