17 Тамыз 2026, 20:45 Фото: видеодан скриншот

Степногорскіде прокуратура дәрігердің қызметтік пәтерді жекешелендіру құқығын қорғады

10 жыл еңбек еткен дәрігер пәтерін қалай қайтарды?

Степногорск прокуратурасы медицина қызметкерінің тұрғын үй құқығын қорғады.

Белгілі болғандай, дәрігер 2013 жылы жас маман ретінде қызметтік тұрғын үй алып, қажетті 10 жыл еңбек өтілін адал атқарған.

Алайда қалалық емхананың жеке компанияның сенімгерлік басқаруына берілуіне байланысты оған пәтерді жекешелендіруден бас тартылған.

Прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты қызметкердің тұрғын үй құқықтарын шектемейтіні және жалпы тәжірибелік дәрігердің заң талаптарына сәйкес келетіні және басқа тұрғын үйінің жоқтығы анықталды. Прокуратураның араласуымен заңсыз кедергілер жойылып, медицина қызметкерінің қызметтік пәтерді жекешелендіруге құқығы ресми түрде танылды,  - деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.

Еске салайық, бұған дейін шенеуніктер пәтер кезегінен шығарып тастаған жетім баланың құқығы қалпына келтірілді.