Стамбулда Қазақстан азаматы қаза тапты: СІМ мәлімдеме жасады
Түркияда көшеде Қазақстан азаматын атып кетті.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Түркияның Стамбул қаласында болған қайғылы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға осы жылдың 31 наурызында Стамбулдың Фатих ауданында болған.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 31 наурызда Фатих ауданында Қазақстан азаматына қатысты орын алған оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзыретті органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Стамбулдағы Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетуде. Мәселе бақылауда, - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Түркияда көшеде Қазақстан азаматын атып кеткені хабарланды.