СOVID-19. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. 

Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының халықты вакцинамен және ревакцинациямен қамтамасыз ету тұрғысынан елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған тапсырмаларын орындады. Қазіргі уақытта республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда, бүгінгі күні COVID-19 оң нәтижесімен 1 304 767 науқас және КВИ-мен 88 519 жағдай тіркелген. КВИ-мен ауыратын науқастардың 98%-ы сауығып кетті, 8 350 науқас емдеуді жалғастыруда, - деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол тәулік сайын қанша адам індет жұқтыратынын алға тартты. 

Қазіргі уақытта орташа есеппен тәулігіне 100 - ге дейін жағдай тіркеледі, бұл оптимистік сценарийге сәйкес келіп тұр. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мен барлық өңірлер жасыл аймақта, - деп хабарлады министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас дәрігері республикада індет жұқтыру деңгейі 33 есеге дейін төмендегені туралы айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы