Сотталған азаматты азаптаған түрме басшылығы қызметінен кетеді
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ақмола облысының колониясындағы қызметтік тергеу нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желілерде орналастырылған бейне бойынша Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесі әкімшілігінің арнайы құралдарды қолдана отырып, заңды талаптарына бағынбау фактілерінің жолын кесу кезінде қызметкерлердің қызметтік жағдайынан асып кету белгілері байқалатынын хабарлаймыз. Жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелері бойынша Тәртіптік комиссияның шешімімен облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ колония бастығы атқаратын лауазымдарынан шеттету ұсынылды. Сонымен қатар құқық бұзушылыққа қатысы бар 11 қызметкерді ІІО-дан теріс себептермен жұмыстан шығару ұсынылды, - делінген комитет хабарламасында.
Ведомство баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазіргі уақытта прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Еске салсақ, жақында әлеуметтік желілерде дәретхананы тазартудан бас тартқан сотталған Т.Дәнебаевты бір топ түрме қызметкері азаптап жатқаны туралы видео тараған болатын. Аталған видео Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің назарына ілігіп, ол бұл істі ерекше бақылауға алған еді.