Сот Біртановқа шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 14 мамырда Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер бойынша сот коллегиясы Елжан Біртановтың қорғаушыларының 2021 жылғы мамырда қабылданған үйқамақ мерзімін 14 маусымға дейін, яғни 8 айға дейін созу туралы тергеу сотының қаулысына қатысты жеке шағымдарын қарастырды.
Нұр-Сұлтан қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, адвокаттар бұлтартпау шарасын созудан бас тартуды сұраған.
Коллегия тергеу сотының қаулысымен келісіп, оны өзгеріссіз қалдырды. Елжан Біртановтың шектеу шаралары өзгеріссіз қалды, яғни қарт анасы мен кәмелетке толмаған үш баласын асырап отырғанын ескеріп, 08:00-ден 19:00-ге дейін үйден шығуға рұқсат беріледі. Аталған қаулы заңды күшіне енді, - делінген ведомство хабарламасында.Еске салсақ, бұған дейін судья Елжан Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары 2021 жылдың 14 мамырына дейін ұзартылғанын хабарлаған болатын. Атап айтқанда, таңғы 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін сыртқа шығуға рұқсат етілді.
2020 жылдың 3 қарашасында Қаржы мониторингі комитеті Біртановтың қамауға алынғандығы туралы хабарлаған болатын. Экс-министрге бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде ысырап етті деген күдік келтірілген еді.
Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен 2020 жылы 25 маусымда босатылды. Ол өзі пневмонияның асқынуына және емдеу қажеттілігіне байланысты жұмыстан кету туралы өтініш жазған.
Жақында тергеу сотында Елжан Біртановтың ісі қаралды. Сотта бұрынғы Денсаулық сақтау министрі сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы