Соңғы төрт жылда балабақшаға кезек екі есе азайған

Бүгінгі таңда 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 90 пайызға жетті, 3 жастан 6 жасқа дейін - 98,3 пайыз. Бұл туралы Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазір республика бойынша 0-ден 6 жасқа дейінгі 250 мыңнан аса бала кезекте тұр. Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы мәселесін шешу үшін алдағы үш жылда 223 мыңға жуық жаңа орын ашу жоспарда бар. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады, - деді спикер ОКҚ-да өтіп жатқан брифингте.

Оның атап өтуінше, мектеп жасына дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 47 мың балаға диагноз қойылды. Оның ішінде 14 460 бала арнайы ұйымдар мен топтарға, 5 530 бала жалпы білім беру топтарына барады. Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін балабақша кезегіне жеңілдік қарастырылған. 

Еске салсақ, бұған дейін елімізде қанша балабақша қазақ тілінде білім беретіні анықталған еді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы