Кеше 2026, 17:24 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Доллар бағамы 490 теңгеден төмен түсті

Соңғы тәулікте доллар шамамен 2 теңгеге арзандады.

17 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 489,99 теңге деңгейінде болды. Бұл доллардың бір күн ішінде 1,91 теңгеге төмендегенін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарындағы орташа валюта бағамдары:

  • Доллар: сатып алу – 488-492 теңге, сату – 492-495 теңге;

  • Еуро: сатып алу – 575-580 теңге, сату – 582-588 теңге;

  • Рубль: сатып алу – 6,35-6,40 теңге, сату – 6,44-6,47 теңге.

Brent маркалы мұнайдың сәуір айына арналған фьючерс бағасы ICE биржасында баррель үшін 68 АҚШ доллары деңгейінде екенін де айта кетейік.

Біз бұған дейін әлсіз доллар инвесторларды алаңдатып жатқаны жайында жазған едік.